Жер Бедері Реферат

 Posted admin
Жер Бедері Реферат Average ratng: 7,5/10 7910 reviews

Реферат: Развивающиеся страны Африки. Государственное устройство стран. К началу ХХI. В Африке было 55 государств. Балаларға Жер туралы: Балаларға арналған астр. Добавлено: 11 мес. Физика және Ғарыш 11 мес.

Краткие содержания. Українська література. Жер бедері дегеніміз не? Жер бедері дегеніміз не? Просмотры: 1.

Қарастырылып отырған территория бір­біріне қарама­қарсы алты структуралық­морфологиялық аудандарға бөлінеді, олар: Таулы Маңғышлақ, Солтүстік Маңғышлақ ойпаты (Бозащы түбегі), Шығыс Маңғышлақ, Оңтүстік Маңғышлақ қыраты, Үстірт және Оңтүстік Ембі жазығы. Таулы Маңғышлақ – Маңғышлақ түбегінің орталық бөлігін алып жатыр, оған Кішіқаратау, Батыс және Шығыс Қаратау, Қасқыржол, Оңтүстік және Солтүстік Ақтаудың қырқалы жоталары кіреді. Ақтаудың қырқаларынан Қаратаудың орталық жоталары күрделі құрылысты рельефті төмен түсуімен бөлініп жатыр, оны 1915 жылы Н. Андрусов Қаратау бойының аңғарлары деп атап, содан бері геологиялық әдебиеттерге мықтап енген.

Кішіқаратау – ені 6­7 км, ұзыны 8,5 километрге созылып жатқан күмбез тәрізді ұсақ шоқылар. Шоқылардың абсолют биіктігі 180­220 м аралығында. Қырқада ежелгі денудация және тектоникалық жылжымалардың іздері айқын сақталып қалған. Оның әсіресе Құмақайы шатқалы арқылы Каспий теңізіне қарай ашылатын аңғар түсе берісінің батыс жақ шеті көлденең жыраларға тілкемделген.

Кішіқаратау қырқасы шығысқа қарай көлденеңінен төмендей отырып, Батыс Каратаумен жалғасып кетеді. Батыс және Шығыс Қаратау ретіне қарай көлденеңі 6­10 км және ұзындығы 42­45 километрге созылып, қоршап жатқан Қаратау бойының аңғарларынан кертпештермен жиектеле отырып 430­460м көтеріледі, сондықтан бұларды аласа таулар тобына жатқызуға болады. Морфологиялық құрылысы жағынан олар біркелкі, ең биік дегендері Отпан – 532 м (Батыс Қаратау) және Бесшоқы – 556 м (Шығыс Қаратау). Бұл қырқалар Шетпе станциясы маңында өзара бір­бірінен бөлініп жатыр.

Батыс және Шығыс Қаратаудың орташа 300­420 м биіктегі төбесінің беті денудациялық процестермен тегістелген. Массивтердің орталық бөлімдеріндегі денудадиялық беті онша биік емес жондарға, ал шеткі жақтары массивтерге 5­6 км мөлшеріне дейін бойлай сұғынып кететін сансыз тік беткейлі, көбінесе тар шатқалдарға айналып кеткен. Мұнда эрозиядан пайда болған бойлай және көлденең орналасқан қолтықтар жүйесі көп, олардың ені мен тереңдігі әр түрлі, түбі малта­қиыршық тастардан құралған. Қаратау бойы аңғарлары бірқатар төмендеулерден құралып, мөлшері әр түрлі жондарға және бор «тауларының» қалдықтарына ұласады, олар Қаратау жоталарының Солтүстік және Оңтүстік беткейлерін бойлай созылып жатады. Олар өздерін құрайтын төменгі бор және сеноман шөгінділерінің денудациялық процестеріне нашар төзгіштігінен пайда болған.

Олардың Батысын, Солтүстігін және Оңтүстігін Ақтау қырқалары шектеп жатыр, қырларды «Қапылар» терең аңғарлар тіліп өтеді де, солар арқылы Солтүстік және Оңтүстік Маңғышлақ жазықтығына қарай ашылады. Ені 6 км, ұзындығы 28 километрге дейін созылып жататын Құйбышев сайы (Жыңғылдысай) ­ ең кең және аккумулятивтігі өте төмен жазықтық. Оның абсолют тереңдігі 95­100 м аралығында немесе Ақтау қыратынан батысы 100­ 105 м және шығысы 140­145 м төмен орналасқан. Сай шығыс бағыты бойынша 2 километрге дейін тарылады.

Жазықтықты жыралар тіліп өтеді, олардың біреуі Тұщыбек поселкесінің маңында Ақтау күзетін бұзып өтіп, Сартаған мекені жаққа қарай Сулықапы шатқалы болып ашылады. Батыс және Шығыс Қаратау жоталарының аралығында Шетпе сайы орналасқан, оның солтүстіктегі абсолют тереңдігі 200 м, Оңтүстігінде 150 метрге дейін жетеді. Шақырған мекенінде сайды шатқал қапы Қарақия ойпаты жағына қарай ашады. Шығыс Қаратау жотасының солтүстік беткейіндегі солтүстік Қаратау бойы аңғарлары едәуір тілкемденген, онда терең сайлар да көп. Ол Шығыс Қаратау жотасын бойлай бес аңғарлы бұзбалар – Қаптармен дренаждалады, олардың ең ірісі Қамыстықапы Жармыш поселкесінен Қара­Кешу сорына дейінгі аралықта созылып жатады. Ойылған жерлерінің тереңдігі 25­30 м, ал кейбір жерлерінде 100 метрге дейін жетеді, түбінің абсолюттік тереңдігі 100­120 м. Қалғандарының – Қауыртақапы, Безымянная, Шиліқапы, Құрқапы – ұзындығы да, тереңдігі де төмен болып келеді.

Олардың түбінің ең төменгі белгілері ретіне қарай 160 және 175 м. Ақтау қырқасының Құртұрмас мекеніндегі учаскені Тиген мекеніне қарай ашылатын үш қолтық жеке­жеке бойлай бұзып өтеді.

Бұлардың ішінде ені жалпақ ең тереңі орталық қолтық, оның су айрықтағы түбінің белгісі 135 метрге тең. Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарын Қаратау бойы аңғарлары жан­ жағынан шектеп жатады және жалаңашталған орнықты тау жыныстарынан құралады. Олардың барлық жерлерінде де солтүстіктен Оңтүстікке сәл еңіс куэсті­қырқалар созылған. Ең айқын білініп жатқан Солтүстік Ақтау қырқалары батыстағы Қошақ шығанағынан шығыстағы Қасқыржол жотасына дейін 85 километрге созылып жатады. Олардың жер бетінен биіктігі 220­дан 300 метрге дейін келеді де, батыстан шығысқа қарай біртіндеп қыраттанатындығы байқалады. Солтүстік Ақтау жотасын сегіз аңғарлы бұзбалар – қапылар тіліп өтеді, олардың төртеуін Қаратау бойы аңғарларының әртүрлі сайлары кесіп өтеді.

«Қапы» беткейі 40­45° тіп­тік болады, ол 10­нан 35 километрге дейін созылып жатады. Құрғақ арналарының ені 2­10 м, диаметрі 1­ден 10 сантиметрге дейінгі сынықтары ірі материалдардан (қиыршық тас, малта тас) құралған. Оңтүстік Ақтау жотасын солтүстігінен Оңтүстік Маңғышлақ үстірті шектеп жатады. Қырдың батыс бөлігі айтарлықтай тіп­тік, ал Шығыс Қаратау ауданындағы Шетпе сайынан шығысқа қарай Оңтүстігінен Қаратау бойы аңғарларын шектей, жер бедері айқын білінбейтін көлбеу беткейге алмасады. Оңтүстік Ақтау ауданында аңғарлар сирек кездеседі. Сонда да Оңтүстікте СССР­дегі ең үлкен, өте терең, Қарақия ойпаты болуы өз әсерін тигізіп, екі үлкен «Қапа»Шақырған және Сулықапа мен Құйлыс мекенінде ойысатын кейбір шағын жыралар пайда болған.

Таулы Маңғышлақ өте ерте дәуірде құрлық ретінде пайда болған, оның гипсометрлік қатысы барынша жоғары. Тіпті түбек толық түзілгеннен кейін де жер асты суларының қалыптасуы, жиналуы және қозғалысында шешуші роль атқарды және қазір де су қорларының қалыптасуында маңызды роль атқаруда. Бұл жайында кейінірек толық баяндалады. Солтүстік Маңғышлақ ойпаты Бозащы түбегінің кең жазығын қамтиды. Оның Оңтүстік бөлігінде Солтүстік Ақтау жотасының етегі орналасқан, ол ені тар алқапта батыстан шығысқа қарай созылып жатқан, өте жырымдалып, толып жатқан жыра мен сайларға тілгіленген жонды­қырқалы, көлбеу жазықтық. Оның Ақшумақ ayданындағы Түлкілі төрткөлдегі ені (20­24 км) онша үлкен емес және осыдан бастап батыс пен шығысқа қарай ені біртіндеп тарыла береді.

Жазықтық солтүстікке 3­4° бұрыш жасап көлбеуленген, оның беттік белгісі Оңтүстікте 100­110 метрден, солтүстікте 65­50 метрге дейін аласарады. Жазықтықты тік беткейлі терең аңғарлар мен.с шатқалдар бөліп­бөліп өтеді, олардың ойпаттағы терең.0 дігі 20­30 м, ал басталар жағындағы тереңдігі 60­70 м, л кейде одан да тереңірек. Ойпаттың солтүстік бөлігінде аккумулятивті теңіз жазықтығы орналасқан, оны кертпештер ертехвалинскілікі1 (0­ден + 50 метрге дейінгі белгі) және кенженхвалинскілік (­22­ден 0­ғе дейінгі белгі) ойпаттарға бөледі, сондай­ақ теңіз жағалығы мен Үстірт жотасын бойлай созылған алқап – Жаңакаспий ойпаты бөліп жатады. Бұл жазықтықтардың беті процестер әсерінен әр түрлі дәрежеде күрделілене түскен. Төрттік кезеңде теңіздің бірнеше рет басып (трансгрессия), шегінуінен (регрессия) жер бедерінде баспалдақ тәрізді кертпештер пайда болып, теңіздік террасалар жасалған. Бозащы түбегінің территориясында құмды массивтер көп таралған, олар теңіз шөгінділерінің бұзылуы және қайта ауысуы нәтижесінде пайда болған. Жылымшық, Қоңырұрпа, Жанұзак, Уаққұм және Шулышағылқұмның жарым­ жартысы құм массивтерінен, ұсақ төбешікті құмдардан құралады.

Бұл массивтер төмпешіктерінің биіктігі шамамен 3­6 м болатын 5­10 км2 ауданды алып жатқан, шопандар бригадасы мен аздаған ірі қараны суғаруға арналған жер асты сулары. Қызылқұм мен Шулышағылқұмның бөлігі орташа төмпешікті құмдарға жатады және 40­50 шаршы километрден астам жерді алып жатады. Осьтік бөлігінде шағылдар мен үрлеме қазан­шұңқырлар көп. Жеке төмпешіктердің биіктігі мен қазаншұңқырлардың тереңдігі 5­10 метрге дейін жетеді. Бұл жерде жер асты тұщы және саумал су қоры едәуір.

Шығыс Маңғышлақ антиклиналь және синклиналь құрылымды жер бедеріне айналған аймақты қамтиды. Ол 240 километрге жуық жерге созылып жатыр, көлденеңі 40­80 км. Тектоникалы құрылымдар жер бедерін жасауды бақылаушы факторлар болып табылады, мұның өзінде жер бедерінің дұрыс формалары әдеттегідей ойлы құрылымға тура келіп, дұрыс құрылымды элементтерге ұштасады. Аймақтың Оңтүстік­шығысында ең ірі ойпаты – Қарынжарық орналасқан, ол Таулы Маңғышлақтың шығыс шетінен басталатын аңғар тәрізді саймен тұйықталады. Қарынжарық солтүстіктен (Қарамая, Қарашық таулары ендігі) Оңтүстікке (Шағаласор ойпаты) қарай 120­150 км созылып жатады, көлденеңі 6­50 км. Оның шығысы Үстірт жоталарымен, ал Оңтүстігі мен батысы денудациялық жазықтықтың жайпақ кертпештерімен шектеліп жатады. Бұл сай түбінің ең аз белгісі – 66 м, ол ойпаттың шығыс бөлігінде 2­10 км жазықтықты алып жатқан (ендірлісор сортаңымен жалғасады.

Батыс бөлігі құмды массив болып келеді. Массив нашар іріктелген сазды құмнан құралған, оның үстін түгелге дерлік өсімдіктер қаптап кеткен. Шығыс Маңғышлақтың орталық бөлігінде золды құм массивтері дамыған.

Басқұдық – Сауысқан – Бостан­құм құмды массивтерінің бірқатарының көлденеңі 5­тен 10 километрге дейін, олар Оңтүстік­шығысқа қарай 65 км­ге созылып жатады. Олардың солтүстік­шығысына қарай Тышқанқұм және Сеңгірқұм массивтері, ал Оңтүстік­шығысына таман Түйесу құмды массивтері 15­тен 37 километрге дейін созылып жатады, көлденеңі 4­10 километрге дейін болады. Мұндағы жер бедері шағылды­қырқалы­ойпатты, қырқалы­шағылды­ ойпатты және төмпешікті­ойпатты келеді. Төмпешіктер мен қырқалардың салыстырмалы биіктігі 5­10 метрден 20­25 метрге дейін.

Олардың аралығының мөлшері 5­тен 150 метрге дейін жететін, диаметрі мен тереңдігі 6 м шамасында үрлеме қазаншұңқырлар пайда болған. Оңтүстік Маңғышлақ үстірті – Оңтүстік Маңғышлақ үстіртінен (оның шығыс бөлігін Кендірлі­қаясан деп те атайды) және жер бедері жағынан ұқсас Түпқараған түбегінен құралады. Оңтүстік Маңғышлақ үстіртінің жер беті неогеннің қатып қалған әктасынан құралып, солтүстіктен Оңтүстікке қарай ылдиланған. Оның белгісі Таулы Маңғышлақ маңында 300 метрден Кендірлі­қаясан үстіртінің Оңтүстік бөлігіне қарай 60 метрге дейін біртіндеп төмендейді. Үстірттің орталық бөлігі жер бедері мен тереңдігі әр түрлі мөлшердегі су ақпайтын ойпаттан құралған. Олар Таулы Маңғышлаққа параллель солтүстік­ батыстан Оңтүстік­шығысқа қарай бағытталған екі қатарлы тізбекпен созылып жатады. Солтүстіктегі қатарының ойпаты онша терең болмайды, оларға Түнқарақшы, Өзен, Қарамандыбас, Асар ойпаты жатады, ал Оңтүстік қатары едәуір терең болады, олар: Қарақия, Қауынды, Бесқұрлы – Жезқұрлы және Шағала сор ойпаттары.

Түбі едәуір шұңғыл учаскелерді қоқыс басқан. Ең ірісі Қарақия ойпаты.

Жер Бедері Қазақша Реферат

Оның тереңдігі де едәуір – 132 м. Оның жыралы өңірінің биіктігі 1902­30 метрге жетеді, ені 4 метрге дейін болатын жылжымалы террас көп мөлшерде ұшырасады.

Оның солтүстік жағынан Торты аңғары қосылады, ол Шетпе сайынан басталып, Куйбышев және Ащы сайлары жағына қарай созылып жатады. Оңтүстік Ембі жазығы – Ембі өзені алабы мен оның Оңтүстігі, Оңтүстік­ шығысынан бастап, Үстіртке дейінгі территорияны қамтиды, оған Өліқолтық сортаңы мен Қарақұм құмды массиві енеді. Жазықтың шығыс және солтүстік­шығыс бөлігінде бор шөгінділері көбірек. Бұл жердің абсолюттік белгісі 50­100 м. Жазықтың бетін жапқан аңғарлар мен Доңызтау, Желтау және басқа да толып жатқан тау жұрнақтары жиі ұшырасатын суы жоқ сайлар тіліп өтеді.

Тұзды күмбездері көп орталық және солтүстік бөліктерде көтеріңкі қанаттардағы «орын теуіп» жалаңаш қалған шөгінділердің созындысын бойлай симметриясы жоқ беткейлері айқын білінетін куэст тізбектер жасалады. Осыған байланысты мұнда куэсті­тізбекті жер бедері басым. Жазықта көбінесе сор болып келетін суы жоқ ойпаттар кездеседі, оларға көктемде еріген қар суы толады.

Өзен аңғарлары мен салаларында жайылма және екі­үш жайылмалық террастар пайда болады. Ембі өзенінің аңғарлары мен салаларында құм массивтер бар. Олар аңғарлардың биік террасалары мен минералдық құрамы аллювиальдық құм құрамына сәйкес келетін биіктікте орналасқан.

Мерзімі: Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Сыныбы: 7 « Ә» Сабақ №5 Тақырыбы: Литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер бедері) Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Литосфералық плиталар теориясы, сейсмикалық белдеулер және Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын байыту. Дамытушылық: Дамытуға оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас, интербелсенді тақта. Сабақтың жоспары: Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. 2. Настройка sme server. Үй тапсырмасын сұрау: 2 тапсырмадан тұрады: 1-тапсырма: Сөйлемдерді толықтыр: 2-тапсырма: Геохронологиялық кестені ретімен орналастыр. 1.Тапсырма: сөйлемдерді толықтыр 1.Жердің жасы шамамен. Деп есептелінеді. 2.Ішкі күштердің жиынтығы. Сыртқы күштердің жиынтығы.деп аталады. Эндогендік процестерге мысал келтір.

Экзогендік процестерге мысал келтір. Жер қыртысының қатты бөлігі болып саналатын.

Жер Бедері Реферат

Матияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай. Ғалымдардың болжамы бойынша алдымен. Пайда болған.

Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жас туралы ілім. 10.Матреиктік жер қыртысы. Қабаттан тұрады.

Қазақстанның Жер Бедері Реферат

Мұхиттық жер қыртысы. Қабаттан тұрады және онда. Қабаты болмайды. 12.Геологиялық жыл санау.арқылы жүзеге асады. 13.Геохронология грек тілінен аударғанда.деген мағынаны білдіреді. Тапсырма: геохронологиялық кесте Оқушылар геохронологиялық кестедегі 5 эраны және оның ішіндегі дәуірлерді оларға сәйкес келетін қатпарлықтарды және тіршіліктің дамуы туралы мәліметтерді мысалға келтірулері керек. 3.Жаңа сабақты түсіндіру: Литосфералық плиталар және олардың қозғалысы.

Қазіргі кезде жер қыртысының құрылысы мен қалыптасу кезеңдері литосфералық тақталар теориясы тұрғысында түсіндіріледі. Бұл ілім ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Альфред Вегенер ұсынған болжамға негізделеді.Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар бар. Мұғалім интербелсенді тақтадан мультимедиялық оқулықтағы литосфералық тақталар картасын көрсетеді: Мұғалім тақтаға қарап түсіндіреді: Мұхиттық жер плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді. Плиталардың шекаралары белсенді аймақ болып саналады.Бұл аймақта қозғалыстың негізгі үш түрі болады: 1.Соқтығысыу; 2. Ажырау; 3.Кірігу. Оқушылар оқулықтың 23 бетіндегі 13 эәне 14 суретке назарларын аударады.

Жер Бедері Реферат

Плиталардың жылжуы нәтижесінде жер қыртысында терең жарылыстар пайда болады. Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстарды Рифт деп атайды.

Рифттер көбіне мұхиттық плиталардың шеткі бөліктеріне сәйкескеледі (картадан қараңдар ).Мұндай аймақтар құрлықтарда да кездеседі (Мысалы Шығыс фрикадағы жарылыс).Жарылыстар бойымен көтерілген ыстық магма есебінен жер қыртысы қалыңдайды. Мұхиттық плиталардың күшті майысқан жерлерінде терең шұңғымалар, ал материктік плиталардың шеткі бөлігінде аралдар доғасы қалыптасады. Практика жүзінде оқушыларға Литосфералық плиталар теориясын іс жүзінде көрсету. Қажетті заттар мен құралдар: қолдан жасалған кардонды тақталар, құм үйіндісі. Литосфералық плиталар теориясына сәйкес, материктер мен мұхиттардың пішіні, аумағы геологиялық уақыт аралығында өзгерістерге ұшыраған.

Ең алғашқы біртұтас Пангея материгі және жалғыз ғана Тетис мұхиты болған. Оқушылар осы сызбаны дәптерлеріне сызып алады. Материктің негізі тұрақты тегістелген жер қыртысын платформалар құрйды.Олар ежелгі және жас платформалар болып екіге бөлінеді.

Архей мен протерозойда қалыптасқан платформалар ежелгі болып саналады (Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Солтүстік Америка, Аустралия). Ал палеозой эрасында көтерілген жер қыртысының неғұрлым тұрақты бөліктерін жас платформалар құрайды (Батыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран). Платформалардың әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды. Жер қыртысының қозғалмалы бөлігін геосинклинальдар деп аталады. Мұндай аймақтарда ұдай Жер қыртысы қозғалып жер сілкіністері туындайды, жанартаулар атқылайды.Жер шарында 800- ден астам жанартаулар бар. Қазіргі Жер шарында негізгі екі геосинклиналдік аймақтар бар, олар Альпі - Гималай және Тынық мұхитты.

Жер бетінің жиынтығы Жер бедері деп аталады. Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді. Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады. Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.

Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды. Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталары жүйесін құрайтындығы. Олардың жалпы ұзындығы 75000 км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000 -4 000м-ге жетеді.

Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасқан. Литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылыды. Мұхит табанының бедері: 1.Материктік қайраң- құрлыққа жалғасқан теңіз суымен шайылып жатқан, теңіздің тайыз шегі. Тереңдігі 200-500 м. 2.Материктік беткей-қайраңнан бастап төмен қарай 2000-2500 м-ге дейін құлайды.

3.Материктік етек- беткейден бастап 2000-3000 м-3500-4500 м-ге дейін. Оқулықтың 29 бетіндегі 21 суретке назар аударыңдар. Сергіту сәті: Қызыл өрік биі.

Жаңа сабақты бекіту: 1. Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер ме н мұхиттар табанындағы жер бедерін ата 2.

Жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер 3. Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады? Мысал келтір (Жер белдеріне) 6. Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабақта жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір құрылымдарына сәйкес келетінін және литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылатынын білдік. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына қарай бағалау. Үйге тапсырма: § 4-тің 22-26 беттері және § 5 оқу.

Кескін картаға Жер қыртысының құрылымын салып келу. Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение редакции может не совпадать с точкой зрения авторов.

Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако редакция сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.